Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының дәрігерлері тұрғындарға коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырудың маңызы туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жандандырды. Бұл тұрғындардың вакцинаға байланысты көзқарасын күрт өзгертті. Биылғы 1 ақпаннан бері атыраулық 249 816 адам Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін салдырды. Вакциналардың ІІ компонентін ектірген адамдардың саны 229 479 адамды құрап отыр», -деп мәлім етті о блыстық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Сондай-ақ, өңірде Рfizer вакцинасын салдыру да жалғасып жатыр.

«Қазір өңірде Рfizer вакцинасын ектірген адамдар саны 396-ға жетті. Оның ішінде бала емізетін 209 ана мен 13 жүкті әйел бар. Бұл екпені ата-аналарының келісімімен 12-18 жас аралығындағы 174 жасөспірім ектірді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар