+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр

2020 жылғы 18 қыркүйек 12:15
Бөлісіңіз:
Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бос жатқан жерлер қалай пайдаланылмақ Сумен жабдықтау жобаларына отандық материалдар пайдалану керек - Үкімет басшысы Еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғылары салынады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаровтың мәліметіне сүйенсек, облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталық пен Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», - деді Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.

Оның айтуынша, бұған дейін облыстың медициналық ұйымдары 224 өкпені жасанды желдету, 27 рентген, 10 компьютерлік томография, 977 оттегі генераторымен, сондай-ақ, 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген. Жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңгеден астам үстемеақы төленген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT