20:00, 28 Мамыр 2020 | GMT +6
Атырау облысында аптап ыстық болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында 29 мамырда ауа температурасы +38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
«Атырау облысында 29 мамыр күні күндіз 35-38 градусқа дейін, Атырау қаласында 35-37 градусқа дейін күн ысиды», делінген хабарламада.
Синоптиктердің айтуынша, ауа райы болжамының орындалу ықтималдлығы – 80-85%.