Атырау облысында бір күнде 1500 жуық адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір күнде 1433 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 23 маусымда «Спутник V», «Qazvac», «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1 433 адам алған.

«Екпе алғандардың арасында 71 медқызметкер, 82 педагог, 18 студент, арнайы мекеменің 8, құқық қорғау органдарының 13 өкілі бар. Сондай-ақ, 8 мемлекеттік қызметші, түрлі созылмалы ауруы бар 78 адам, 1 155 жергілікті тұрғын вакцина салдырды. Биылғы 1 ақпан-23 маусым аралығында коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандардың саны 74 875 адамға жетті. Вакциналардың II компонентін 38 695 адам кетірді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда вакцина алғандарға сыйлық берілетінін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар