+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды

2021 жылғы 10 маусым 21:53
Бөлісіңіз:
Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір отбасының 4 адамын қаққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде есірткі тұтынып, рульге отырған банк қызметкері ұсталды Павлодарда 68 жастағы жүргізуші екі адамды қағып кетті Атырауда медицина қызметкерлері марапатталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 31 мамырда Мақат ауданындағы Доссор кентінде болған.

«Түнгі сағат 01:10 шамасында 1988 жылы туған жүргізуші «Toyota Sequoia» көлігімен жолдан өтпек болған 1988, 1996, 2014, 2020 жылдары туған төрт жүргіншіні қағып кеткен. Алайда, жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған. Осы жол-көлік оқиғасына байланысты жүргізілген жедел іздестіру-тергеу амалдарының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT