USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

2022 жылғы 14 қаңтар 14:38
Бөлісіңіз:
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұр Атырау облысында жаңа жобаларға 8,3 трлн теңге инвестиция тартылады Үкіметте Атырау облысындағы құрылыс жұмыстары қаралды

Жол-көлік апаты бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында болған.

«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу

ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Армения Республикасында тіркелген «Honda Odessey», ал, екіншісі – Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ – 2115» автокөлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ – 2115» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында есірткі жарнамалаған 17 сайт

бұғатталғаны хабарланған болатын .



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT