+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Атырау облысында екі күнде 1264 адам вакцина салдырды

2021 жылғы 20 қыркүйек 16:07
Бөлісіңіз:
Атырау облысында екі күнде 1264 адам вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі күнде 1264 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда коронавируспен ауырғандардың 99 пайызы вакцина алмағандар Қазақстанда 8 124 473 адам КВИ-ге қарсы вакцинаның I компонентін салдырды Өткен тәулікте Қазақстанда 1742 адамнан коронавирус анықталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 18-19 қыркүйекте вакциналардың І компонетін 1 264 адам салдырған. Ақпан айынан бері вакциналардың I компонентін 217 372 адам ектірген. Вакциналардың ІІ компонентін алғандар саны 171 159 адамға жеткен.

«Өткен тәулікте 75 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі табылды. Қазір 1 534 адам үй жағдайында, ал, инфекциялық стационарларда 433 науқас емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде 34 науқас оқшауланды. Оның ішінде 4 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Корнавирус инфекциясынан 5 адам қайтыс болды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін 164 мыңнан астам адам салдырғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT