USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді

2022 жылғы 14 қаңтар 20:02
Бөлісіңіз:
Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында карантинді күшейту туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: Ақтөбеде бастауыш сынып оқушылары түгел мектепке барып оқиды

Бұл туралы Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің міндетін атқарушы А.Бекешеваның қаулысында айтылған.

«Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдарының, филармониялардың, театрлардың, цирктердің қызметіне, діни бірлестіктер объектілерінде (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынсын», -делінген құжатта.

Мұндай тыйым түнгі клубтар мен қоғамдық тамақтану объектілеріндегі ән айту және биге, караоке қызметіне (қоғамдық тамақтану бойынша қызметтерді қоспағанда) салынып отыр.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысатын объектілерде 30 адамға дейін еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, отбасылық (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т. б.), естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, ашық ауада, үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Ал, қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге отырғызу санын 4 адамға дейін қысқартылған.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT