Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны қайта көбейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырушылар саны қайта көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен

тәулікте 40 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның ішінде Теңіз кенішінің

24 жұмысшысы мен Атырау қаласынан 15 адам бар. Сондай-ақ, Индер ауданынан 1 адам

қауіпті вирусты жұқтырған. Коронавирустың симптомды түрі 8 пациенттен табылған.

«Өткен тәулікте 45 пациент коронавирустан сауығып шықты. Қазір үй жағдайында 96

адам емделуді жалғастыру үшін оқшауланды. Облыстық инфекциялық стационарда 66,

аудандардағы стационарларда 16 науқас емделіп жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі стационар

емделіп жатқан науқастар саны – 255 адам», -деп хабарлады басқарманың баспасөз

қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 14 адам коронавирус жұқтырып, 13 науқас емделіп шыққанын _a3758926 жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар