Атырау облысында коронавируспен ауырғандар саны 6 мыңнан асты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында коронавирус инфекциясымен ауырып жатқандар саны 6 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында өткен тәулікте – 23 қаңтарда тағы да 486 адам қауіпті вирусқа шалдықты. Мәселен, Атырау қаласында Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 332 жағдайы расталған. Ал, Теңіз кен орнында 26 науқас анықталған. Қауіпті вирусты Жылыой ауданында 40, Қызылқоғада – 25, Құрманғазыда – 25, Индерде – 16, Махамбетте – 15, Мақатта 9, Исатай ауданында 8 адам жұқтырып алған.

«Қазір 5 381 адам үй жағдайында, 632 науқас инфекциялық стационарларда емделіп жатыр. Оның ішінде Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 285, модульдік ауруханада – 170, аудандарда ашылған инфекциялық стационарларда – 77, ал, №2 облыстық ауруханада – 56, фтизиопульманологиялық орталықта 44 пациент оқшауланған», -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында 500 адам коронавирустан емделіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар