Атырау облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында жыл басынан бері 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрылыс жұмыстарының көлемі 692 млрд теңгені, нақты көлем индексі 104,3 пайызды құрады. Республикадағы өңірдің үлес салмағы 19 пайызды құрайды. Жыл басынан бері облыста 615 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 5 204 орынға арналған 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Апатты бір мектептің орнына жаңа білім ордасы салынды. Жылдың соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы аяқталады. 5 нысан келесі жылы пайдалануға беріледі. Осылайша, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы кезең-кезеңімен шешіледі. Биыл 15 балабақшаның құрылысы басталған. Оның ішінде 9 балабақша мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынуда, 4-еуі пайдалануға берілді», - деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Махамбет Досмұхамбетов өңірде студенттерге арналған жатақхана, мәдениет үйі, демалыс аймағы, спорттық және денсаулық сақтау нысандары құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқандығын айтты.
- Биыл Алматыдағы қисайған 17 көпқабатты үйдің іргетасы нығайтылады
- Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңнан асты
- Маман лифтілерді пайдаланудың талабына қатысты кеңес берді
- Биыл Қазақстандағы 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелері салынады
-
Қазақстанда 2021 жылы 6 мың шақырым жол салынады
-
Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысындағы эпидахуалға қатысты есеп берді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам