Атырау облысында медициналық мекемелерде, түрмелерде маска тағу режимі сақталады

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында медициналық мекемелерде, түрмелерде маска тағу режимі сақталады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың бүгін, 31 наурыздағы жаңа қаулысында айтылған.

«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысына сәйкес барлық медициналық ұйымдарда, үй карантиніндегі талаптарды сақтау барысында пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйесі мекемелеріне және басқа да объектілерде маска кию режимін сақтау қажет. Халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсынылады», -делінген жаңа қаулыда.

Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, меншік нысанына қарамастан және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қызметтің әрбір түрі үшін бекітілген талаптар мен алгоритмдерді сақтауды, «Аshyq» мобильді қосымшасын субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде қызметіне шектеу қоймай пайдалануды қамтамасыз ету жүктелген. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына тұрғындар арасында вакцинация және ревакцинацияны жүргізу тапсырылған.

Жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында қоғамдық көлікте маска тағу режимі сақталатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар