Атырау облысында Ресеймен шекарадағы ауылда жедел жәрдем бекеті ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы Ресейдің Астрахан өңірімен шектеседі. Екі ел шекарасындағы Құрманғазы ауданының Котяев ауылында жедел жәрдем стансасының қосалқы бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұдан былай Қазақстан-Ресей шекарасы маңында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге, сондай-ақ ауыл тұрғындарының 1, 2 және 3-санаттағы шақыруларына жедел медициналық көмек көрсетілетін болады.

«Қосалқы медициналық жедел жәрдем стансасы шұғыл медициналық көмек көрсетілетін санитарлық реанимобильмен қамтылды. Арнайы көлік зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жедел жәрдем бекеті радиусы 10-12 шақырымда орналасқан Кудряшов, Жасталап ауылы мен паромға дейінгі аумақты қамтиды. Бекетте тәулік бойы 2 фельдшер мен 1 жүргізуші жұмыс істейді. Ал, арнайы бригада тұрғындарға кешкі сағат 17:00-ден таңғы сағат 9:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс, мереке күндері қызмет көрсетеді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болатынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар