Атырау облысында рульге мас күйде отырған 23 адам бас бостандығынан айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көлік жүргізу құқығынан айырылғанмен, мас күйде рульге отырған 23 адам бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері көлік басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде рульге отырған 27 жүргізушіге ҚР Қылмыстықкодексінің 346-бабының 1 және 2-бөлігімен қылымыстық іс қозғалған. Оның ішінде 23 адамға бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі шыққан.

«Патрульдік полиция қызметкерлері 14 қазанда сағат 02:45 шамасында «Береке» шағын ауданында орналасқан «Арна» жанар-жағармай бекеті тұсынан «Ваз-2114» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 27 жастағы жүргізушінің ішімдік ішкен күйінде көлік басқарғандығы анықталды. Оның бұрын да мас күйінде рульге отырғаны үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір 27 жастағы азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол бергені үшін) қылмыстық іс қозғалды. Мас жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында тоғыз айда 38 жүргізуші сотталғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар