19:46, 26 Шілде 2021 | GMT +6
Атырау облысында сайланған 18 ауыл әкімінің көпшілігі – партия мүшелері
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сайланған 18 ауыл әкімінің көпшілігі – партия мүшелері, деп хбарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, округ әкімдеріне дауыс беруге сайлаушылардың 74,4%-ы қатысқан.
«Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 44 305 адам енгізілген еді. Оның ішінде 32 981 сайлаушы дауыс беруге қатысты. Бұл жалпы сайлаушылардың 74,4%-ын құрап отыр. Ауылдық округтер әкімінің лауазымы үшін 52 үміткер саяси додаға түсті. Дауыс берудің нәтижесінде Nur Otan партиясынан 15, «ADAL» саяси партиясынан 1 адам ауыл әкімі болып сайланды. Бұған қоса, өзін-өзі ұсынған екі үміткер осындай лауазымға ие болды» -дейді Азамат Айманакумов.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әкім сайлауында 52 үміткер бақ сынайтынын жазған болатынбыз.