Атырау облысында сайлаушылар белсенділігі байқалады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, жергілікті уақытпен сағат 9:00-ге дейін сайлаушылардың 19,6%-ы дауыс беріп үлгерген.

«Қазір Атырау қаласы мен 6 аудандағы 36 сайлау учаскесінде дауыс беру өтіп жатыр. Мәселен, Атырау қаласында сайлаушылардың 15,1%-ы, Жылыой ауданында 21,5% Индерде – 22,4%, Исатайда – 24,6%, Құрманғазда – 20,3%, Қызылқоғада – 25,2%, Махамбет ауданында 20,4% дауыс берді» - дейді Азамат Айманакумов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 52 үміткер бақ сынайтынын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар