Атырау облысында шегірткеге қарсы 7 540 гектар астам алқап өңделеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысында шегірткеге қарсы 7 540 гектар жер алқабы өңделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, Атырау өңіріндегі жайылымдық, шабындық алқаптарға азиялық және итальяндық шегірткелер қауіп төндіреді. Шегірткелер жыл сайын Атырау қаласының маңында, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарының жер алқабында пайда болады.

Соған байланысты былтыр шегірткеге қарсы 8 640 гектар алқап өңделген. Оның ішінде 3 820 гектар жерде азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жүргізілген. Ал, итальяндық шегірткеге қарсы өңделген алқап 4 820 гектарды құраған.

«Биыл Құрманғазы, Исатай аудандары мен Атырау қаласының шетінде шегірткенің көбеюі күтіліп отыр. Осыған орай 7 540 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізу жоспарланды. Қазір мемлекеттік сатып алу процедурасы жүріп жатыр» -деді Қайрат Нұрлыбаев.


Соңғы жаңалықтар