Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 19 адам сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 19 адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменовтің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 12 талдау мен мониторинг жүргізілген.

«Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты былтырғы 6 айда 77, биылғы осы кезеңде 46 қылмыс тіркелді. Жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қатысты 5, мемлекеттік бағдарламалар аясында 3, шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау және көлеңкелі экономиканы қолдау саласында 1 дерек анықталды. Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікке 39 адам тартылды. Оның ішінде 6 мемлекеттік органдардың бірінші басшысы бар» -дейді Қанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарында (19), салық саласында (11), әкімдіктерде (9), білім (5), ауыл шаруашылығында (4), әлеуметтік қамсыздандыру (3) және өзге салалардағы сыбайлас жемқорлық схемалары жойылған. Анықталған қылмыстардың ішінде пара беруге байланысты 32, жымқыру мен алаяқтыққа қатысты 14 дерек тіркелген.

«Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қатысты 62 іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен 19 адам сотталды», -дейді Қанат Сүлейменов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендегенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар