+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

2021 жылғы 21 қазан 18:40
Бөлісіңіз:
Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түсті Алматы облысында 225 мың адам Pfizer вакцинасымен қамтылады Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулік – 20 қазанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 469 адам салдырған.

«Атырау облысында биылғы 1 ақпан мен 21 қазан аралығындағы кезеңде 236 422 адам вакциналардың I компонентін ектірді. Вакциналардың II компонентін алған атыраулықтардың саны 208 135 адамды құрап отыр» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында вакцинаның екі компонентін алғандар 202 мыңнан асқанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT