USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырау облысында жаңа айналма жол ашылды

2021 жылғы 3 желтоқсан 22:25
Бөлісіңіз:
Атырау облысында жаңа айналма жол ашылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 5,6 шақырымдық айналма жол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңақорған кентінің көшелерін толассыз жаңбыр суы басып қалды Батыс Қазақстанда республикалық жолда қозғалысқа шектеу қойылды Өскеменде қыста жол тазартатын жаңа техникалар сатып алынуда

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің айтуынша, Мақат ауданындағы Доссор кентін айналып өтетін айналма жолдың құрылысы былтырғы желтоқсанда басталған.

Жолдың ұзындығы – 5,6 шақырым. Жол құрылысы толық аяқталып, жарықтандыру жүргізілген.

«Еліміз тәуелсіздік алғалы бері халықтың әл-ауқатын арттырып, инфрақұрылымдық жағдайды жақсартуға бағытталған көптеген жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жол да бар. Жол инфрақұрылымын дамыту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауда тұр. Тәуелсіздік жылдары Атырау облысында 2 200 шақырымнан астам автокөлік жолы салынып, жөндеуден өтті. Ал, биыл 127 шақырым жол салынып, жаңғыртылды. Соның қатарындағы

айналма жол Доссор кенті арқылы өтетін транзиттік автокөлік ағынын азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» -дейді Махамбет Досмұхамбетов.

Мақат ауданындағы Доссор кентінің тұрғыны М.Үмбетқалиевтің сөзінше, айналма жол кенттің көшелерімен өтетін ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектеп, адамдардың қауіпсіздігі мен алаңсыз болуына қолайлы жағдай туғызып отыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 5,6 шақырым айналма жол құрылысы аяқталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT