Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы жол апатынан мерт болды

None
None
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем бригадасының мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық Полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылы маңында болған. Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тасжолда жедел жәрдем әскери «КамАЗ»-бен соқтығысқан.

Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болғаны анықталды. Олардың барлығы да ажал құшты.

ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасындағылардың хабарлауынша, «КамАЗ» рулінде мерзімдік әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болған.


Соңғы жаңалықтар