Атырау облысында жел электр стансасы салына бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жел электр стансасының құрылысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баламалы қуат көзін өндіретін құрылысы Мақат ауданында салынып жатыр. Осы мақсатқа 500 гектар жер учаскесі бөлінген. Жобаның инвесторы – «Дивитэл» ЖШС.

Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, жоба құрылысы 2022 жылы аяқталмақ. Қазір оған 12 адам жұмысқа тартылған. Жоба іске іске қосылғаннан кейін 50 адам тұрақты жұмысқа алынады.

Желден энергия өндіретін 24 қондырғы орнатылады. Оның әрқайсысы қуаты 2 МВт болатын қуат өндіреді. Жел турбиналарының биіктігі –106, ебелек (винт) ұзындығы – 43 метр.

«Энергия ресурстарын үнемдеу жолында ауданда бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал, бұл жоба баламалы энергия көздерін өндіретін болады. Мамандар осы жобаны бастамас бұрын арнайы талдау жасап, тәжірибеден өткізді. Жел электр стансасы ауданды электр қуатымен толық қамтуға мүмкіндік береді»,- дейді аудан әкімі Шәкір Кейкин.


Соңғы жаңалықтар