Атырау облысында жемқорлық үшін 51 азамат бостандығынан айырылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқан 51 азамат бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы антикор орталығында өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, сондай-ақ брифингіде 1 млрд теңгеден астам қаржы мемлекет бюджетіне қайтарылғаны және 11 бизнес субъектісінің құқығы қорғалғаны мәлім етілді.

Жалпы, өткен жылдың қортындысы бойынша өңірде жемқорлық деңгейі 9-процентке төмендеген. Оның ішінде, ауыр қылмыс жасау 1,6 есеге, жымқыру және алаяқтық 2 есеге азайған.

«Соңғы екі жылда антикор қызметкерлері өңірде пара берген 480, кәсіпкерлікке заңсыз қол сұққан 713 фактіні анықтады. Жемқорлықтың басым көпшілігі білім, ішкі істер, денсаулық салаларында анықталды», - деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Ад департамент басшысының орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша,

биыл жемқорлықпен күрес одан әрі күшейтілді. «Заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, бірқатар шара қолға алынды. Мәселен, азамат пара алғаны және бергені үшін енді 7 жылға бас бостандығынан айырылады. Сондай-ақ, мерзімінен бұрын босатылу болмайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар