Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болған.

«УАЗ» бен «Lada Largus» көліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 18 және 30 жастағы 2 ер адам көз жұмған. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске сала кетелік бұдан бұрын Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмған еді.



Соңғы жаңалықтар