+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырау облысындағы кәсіпорын 700 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

2021 жылғы 13 сәуір 20:44
Бөлісіңіз:
Атырау облысындағы кәсіпорын 700 млн теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 700 миллион теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жыл басынан бері республикалық бюджетке 1,9 трлн теңге кіріс кірді Тұтыну нарығындағы бағалардың өсуі байқалады – Әлихан Смайылов Қазақстандықтар жалақысынан қанша салық және әлеуметтік төлем ұсталғанын тексере алады

Агенттіктің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады.

«Облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықты тексеру материалдарымен расталған. Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді», делінген хабарламада.

Ведомство салық төлеуден жалтару фактілері мәлім болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне: 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне: 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT