Атырау облысының шалғайдағы ауылына ғаламтор желісі келді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Үштаған ауылына ұялы байланыс пен ғаламтор желісі келді, деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда ауылға қосылған ұялы байланыс желісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Ұштағандық оқушылардың мектепте штаттық режимде оқып жатыр.

«Үштағанда оқушылар 11 сыныпқа дейін оқиды. Мұндағы оқушылар саны 180-ге толмайтын болғандықтан, шағын комплектілі мектепке жатады. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері оқушылар мектепте офлайн форматта білім алуда» дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Өтемісқызы.

Еске сала кетелік, Үштаған ауылы Құрманғазы ауданындағы Асан ауылдық округінің құрамына кіреді. Ауылдағы халық саны 711 адам. Ауыл аудан орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан.

Соңғы жаңалықтар