«Атырау-Орал» тасжолында екі көлік соқтығысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Атырау-Орал» тасжолында жол- көлік оқиғасы болып, автомобиль жүргізушілерінің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Атырау-Орал» тасжолының Махамбет ауданы Талдыкөл ауылы аумағында «Лада-21214» және «Лада-Ларгус» маркалы екі жеңіл көлік соқтығысып қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Лада-21214» маркалы автокөліктің отыз жастағы жүргізушісінің жағдайы ауыр. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде. 1968 жылы туған «Ларгус» көлігінің тізгіншісі, сондай-ақ төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Автор: А. Соколов




Соңғы жаңалықтар