Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау полицейлері 15 қазаннан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізуді қолға алды.

Жол қозғалысы ережесін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру фактілеріне фото-бейнетіркеуді жүзеге асыратын, жалпы автокөлік қозғалысын бақылауға алатын «КОРДОН М-2», «КОРДОН М-4» кешендерінің бейнекамераларының Армения Республикасынан әкелінген «BMW-525» автокөлігі түскенін анықтады.

Көлік жүргізушісі 55 рет жылдамдықты асырып, 1 миллион 083 мың 420 теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені үшін ұсталды. Ал 40 мәрте жылдамдықты сақтамаған «ВАЗ-21144» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл құны - 666 мың 720 теңге.

«Сондай-ақ, «ВАЗ-2108» автокөлігінің жүргізушісіне 21 рет жылдамдығын асырғаны үшін 333 мың 360 теңге айыппұл салынған. Ал 28 рет жылдамдығын асырған Ресей есебінде тұрған «ВАЗ-21014» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл 494 мың теңгеге жеткен» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патруль полицейлері берілген бағыттамаға сәйкес, иелері айыппұлды төлемей жүрген тағы 37 автокөлікті тоқтатқан. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 785-бабына сәйкес, айыппұл төлемей, борышкер атанған жүргізушілердің көлігі айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Сергек» камералары 2,5 мыңнан астам құқық бұзу дерегін тіркегенін хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар