Атырауда 1000 отбасына дәрі-дәрмек пен азық-түлік жиынтығы таратылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда «Халық» қайырымдылық қоры 1000 адамға дәрі мен азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Халық» қайырымдылық қоры Атырау облысының тұрмысы төмен және көпбалалы 1000 отбасына дәрі-дәрмек пен азық-түлік жиынтығын жіберген. ⠀

«Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы материалдық жағдайы төмен және дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін 6 категория бойынша ұсынды. Қайырымдылық қорынан келген 1000 жиынтық қала мен аудандардағы отбасыларға таратылып жатыр» деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀

Жалпы салмағы 60 келіден асатын әр жиынтықта коронавирус инфекциясынан емдеу хаттамасына енгізілген негізгі дәрілік препараттар, азық-түлік, ыдыс жууға арналған сұйықтар, сондай-ақ, антисептикалық құралдар және медициналық маска бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға дәрі-дәрмектің ірі партиясы тиелген жүк көлігі келген еді.


Соңғы жаңалықтар