Атырауда 14 адам коронавирус жұқтырып, 13 науқас емделіп шыққан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 14 адам коронавирус жұқтырып, 13 адам сауығып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте қауіпті вирус жұқтырғандардың арасында Атырау қаласынан 3 науқас бар. Ал, Теңіз кенішінде 9 жұмысшы, Индер ауданында 2 адам коронавирус жұқтырған.

Сovid-19 инфекциясының симптомды түрі 6 науқастан анықталған.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты. Қазір 140 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 62, ал аудандардағы стационарларда 16, Теңіз кенішіндегі стационарда 238 пациент ем қабылдап жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын облыс әкімі Атырау облысында қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы барын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар