Атырауда 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген шетелдік қолға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Грузия Республикасының азаматы 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полициц департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік

полиция қызметкерлері 1 млн және 2 млн теңгеден аса айыппұлы төленбеген екі автокөліктің иесін анықтады.

«Мәселен, 6 қаңтарда полиция қызметкерлері Азербайжан Республикасында тіркелген

Lexus GX470 маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлік иесі Грузия Республикасының

39 жастағы азаматыекендігі анықталды. Оның 2 млн теңгені құрайтын 123 айыппұлын төлемегені белгілі болды. Ал, 7 қаңтарда Армения Республикасында тіркеуде тұрған «Toyota Ipsun» маркалы көлігі тексерілді. Бұл автомобильдің жүргізушісі де 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 айыппұлын төлемеген болып шықты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес, шетелдік маркалы екі көлік те арнаулы тұраққа қойылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші

ұсталған болатын.



Соңғы жаңалықтар