Атырауда 25 мамырдан бастап автобус қозғалысы толығымен қалпына келеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 25 мамырдан бастап қоғамдық көлік қозғалысы толығымен қалпына келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері автобус қозғалысына өзгерістер енгізді. Қоғамдық көліктің жұмысы 25 мамырдан бастап таңғы 06:00-де басталып, кешкі 23:00-де аяқталады.

Қазіргі таңда қаладағы автобустар таңғы 6 мен 9 аралығында, ал кешке 17 мен 20.00 аралығында жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Атырауда карантин шаралары 8 маусымға дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар