Атырауда 25 жастағы жігіт суға кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жерінде шомылған 25 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 11 шілдеде кешкі сағат 21:00-дер шамасында болған.

«Дәл осы сағатта департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласына таяу орналасқан Талғайран ауылы тұсында 25 жастағы жігіттің суға кеткені туралы хабар түсті. Ол арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылып, Жайық өзеніне батып кеткен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел құтқару жасағының 3 қызметкері іздестіруді бастады. Іздестіру жұмысына 1 жүзу құралы тартылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар 1995 жылғы жас жігіттің денесін 20 минутта тауып, судан шығарған.

Департамент мамандары су айдындарының арнайы жабдықталмаған жерінде шомылу қауіпті екенін ескертіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында көлге түскен 51 жастағы азамат суға кеткен еді.



Соңғы жаңалықтар