+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда 3 қыз мінген катамаран Жайық өзенінің ортасында тұрып қалды

2021 жылғы 24 маусым 23:51
Бөлісіңіз:
Атырауда 3 қыз мінген катамаран Жайық өзенінің ортасында тұрып қалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Жайық өзенінің ортасында тоқтап қалған катамараннан 3 қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жоғалған балалар табылды ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды Қостанайда жүк көлігін соққан жүргізуші мерт болды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 23 маусымда Жайық өзенінің ортасында катамаран тоқтап қалған.

«Кешкі сағат 23:00-де 2005 және 2006 жылы туған 3 жасөспірім қыз жағажайдан жалға алған катамаранмен Жайық өзеніне серуендемек болған. Алайда, катамараннан ақау шығып, «Атырау» шипажайының тұсында Жайықтың ортасына ығып кеткен. Осыған байланысты дабылмен оқиға орнына жеткен жедел құтқару жасағының қызметкерлері жүзу көлігімен катамаранды жағажайға сүйреп жеткізді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ал, құтқарылған 3 жасөспірім қыз ювеналды полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда суға батып бара жатқан екі жасөспірім қыз құтқарылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT