Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 34 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйекте сағат 12:30 шамасында Атырау қаласының тұрғыны Елдар Ақылбеков үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

«Төтенше жағдайлар департаментіне 11 қыркүйекте жоғалып кеткен 34 жастағы ер адамның анасынан іздестіру жұмыстарын жүргізу туралы арыз түсті. Оның ұлы Елдар Ақылбековтің Атырау қаласының қай жерінен жоғалғаны белгісіз. Жоғалған азамат үйінен шыққан кезде үстінде уақ тор көзді жейде, күрең қызыл джинсы, аяғында қоңыр түсті кроссовкасы болған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына департаменттің кинологиялық, өзге қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылған. Сондай-ақ, волонтерлік ұйымдар тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бір аптаға 9 жасөспірім жоғалып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар