Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам ауруханаға түсті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 4 көлік соқтығысып, 1 адам аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 7 тамызда сағат 19:00 шамасында Атырау қаласындағы Алмагүл ықшамауданында болған. «Kia Rio» көлігінің жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамай, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрса да тоқтамаған. Сөйтіп, әуелі «Nyundai Elantra» көлігіне соқтығысқан. Бұдан соң «Skoda Octavia» мен «Volkswagen Touareg» көліктерімен түйіскен.

Оқиға салдарынан жол ережесін бұзған көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ал, тағы 2 адам №7 емхана дәрігерлерінің медициналық тексеруінен соң үйіне жіберілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскен еді.



Соңғы жаңалықтар