Атырауда 4 жүргізуші көлігімен мұз үстінде жүрген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Жайық өзенінде қатқан мұз үстінде көлігімен жүрген төрт жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық Полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамера

инспекторлары қауіпсіздік шараларының сақталуын да қадағалап отырады. Мақсат

–Жайық өзенінің үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғаның алдын алу.

«Жыл басынан бері Жайық өзеніндегі мұз үстімен автокөлікті жүргізген 4 жүргізуші

анықталды. Сондай жүргізушінің бірі 10 қаңтарда сағат 15:40 шамасында Жұмыскер елді

мекеніндегі көпірдің тұсында ұсталды. 36 жастағы жүргізуші «Лада Гранта» маркалы

автокөлігімен мұз үстімен жүрген», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің

баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкерлері 4 жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық бұзу

туралы Кодексінің 620-бабымен (жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де

талаптарды бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырып, ескерту берді.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жүк тиегіш көлік каналға түсіп кеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар