17:02, 07 Қараша 2019 | GMT +6
Атырауда 62 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 62 жастағы жүргізуші тізгіндеген көлік жаяу жүргіншіні басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жол-көлік оқиғасы қала маңындағы Жұмыскер ауылында болған. 62 жастағы жүргізуші Daewoo Nexia көлігімен 40 жастағы әйелді қағып кетті. Басы жарақаттанған әйел облыстық ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр», - деп мәлімдеді Атырау облысы полиция департаменті.