-
ОНЛАЙН:
Атырауда 73 жастағы дәрігер вакцина салдырды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 73 жастағы дәрігер коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, Атырауға вакциналау басталардан бір күн бұрын «Спутник-V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілген. Вакцина салу үшін Атырау қаласында 16, ал аудандарда 8 арнайы орын дайындалған.
«Дәрігерлермен бірге, коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді. Бірақ бірінші кезеңнен кейін жанама әсері болған жоқ. Вакцина алу – «Covid-19» қауіпті вирусын жұқтырмаудың басты жолы», - дейді Бақытгүл Хаменова.
Вакцина салдырған дәрігерлердің арасында 73 жастағы хирург Марат Есжанов та бар. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ.
«Мен де 1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Дене қызуы, әлсіздік, бас айналу секілді әсерлер, басқа да асқынулар болған жоқ. Вакцинациядан кейін 10-15 минут дәрігерлер бақылауында болдық. Кейін күнделікті жұмысымызға кірістік», - дейді Марат Есжанов.
Еске сала кетелік, Атырау облысында вакцинациялаудың бірінші кезеңі аяқталғанын хабарлаған едік.
- Биыл елімізде қанша адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады
- Атырауға коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5600 дозасы жеткізіледі
- Жапония 13 елдің азаматтарына елге кіру ережесін қатаңдатты
- Нұр-Сұлтанда 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатыр
-
Коронавирус: Қазақстанның 2 қаласы мен 5 облысы «сары аймақта» тұр
-
2 наурызда Қазақстанға ұшақпен 246 жолаушы анықтамасыз келген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам