Jańalyqtar
Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады
2021 жылғы 2 наурыз 22:23
Бөлісіңіз:

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменовтің айтуынша, 26 наурызда балаларды қуантатын жаңа өнер ұжымының таныстырылымы өтеді.
Қуыршақ театрының ашылуына орай атыраулық әртістер Бекет Зинуллиннің сценарийі бойынша «Ата мектебі» ертегісін дайындап жатыр.
«Елімізде балалар драматургиясы кенжелеп қалған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін өзіміз сценарий жазуымызға тура келеді. Бұл жолы балаларға арнап ертек жазатын таланты актер Бекет Зинуллиннің шығармашылығына жол ашылғалы отыр» -дейді театр директоры Берік Жәменов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда театр тарландарына қойылған композиция ашылған болатын.
TOP
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
- Президент 2023 жылы Атырау кәріз-тазарту қондырғысы құрылысын аяқтауды тапсырды
- Атырау облысында 37 жаңа мектеп салынады
- Президент Сарайшық орталығы құрылысына қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды
-
Президент Атырау облысы ауылдарын 2 жылдың ішінде таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды
-
Тоқаев «Астрахан-Маңғыстау» су құбырын жаңғыртуды тапсырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER