Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда осы кезге дейін апатты тұрғын үйде тұрып келген 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, былтырдан бері апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын жаңа мекенге көшіру жалғасып жатыр.

«Өткен жылы А.Құнанбаев және Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатақхананың тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа үйге көшірілді. Ал, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Атап айтқанда, М.Әуезов көшесінде орналасқан №22 үйдің тұрғындарына «Жұлдыз» ықшамауданындағы үйден пәтер берілді. Ал, Достық көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа мекенге көшірілді. Енді міне, «Бірлік» ықшамауданындағы АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы «Жұлдыз» ықшамауданына қоныс аударды» деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мамандары.

Аталған бөлім мамандарының айтуынша, апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын көшіру жалғаса береді.


Соңғы жаңалықтар