Атырауда ауа сапасын көрсететін LED-экран орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда ауа сапасын, қысымын және температурасын көрсететін LED-экран орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік «ATYRAY» телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

«LED экранда ауаның қаншалықты ластанғаны, қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшері туралы ақпараттар топтастырылған. Алдағы уақытта дәл осындай құрылғыларды теміржол вокзалы маңындағы мөлтекаудандарға, әуежай аумағына, Д. Нұрпейісова көшесіне орнатамыз деп жоспарлап отырмыз. Себебі аталған жерлер халық көп шоғыраланатын орындар болып есептеледі. Негізгі мақсат – экологиялық мониторинг бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа көрсету», - деді «Қазгидромет» РМК АОФ директорының орынбасары Жолдасқали Телагисов.

Өңірдің экологиялық ахуалын көрсететін LED-экрандар бүгінде Павлодар, Петропавл, Ақтау, Орал, Қостанай және Алматы қалаларында орнатылған. Бұдан бөлек тұрғындар «AirKZ» мобильдік қосымшасы арқылы ауа райы мен экологиялық ахуал туралы мәліметтерді көре алады.


Соңғы жаңалықтар