+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Атырауда ауланған балықтың 80 пайызы экспортқа шығарылып жатыр

2021 жылғы 18 маусым 13:37
Бөлісіңіз:
Атырауда ауланған балықтың 80 пайызы экспортқа шығарылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырауда ауланған балықтың 80 пайызы экспортқа шығарылып жатыр. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған Атырау облысында сайланған 18 ауыл әкімінің көпшілігі – партия мүшелері Атырауда коронавирус жұқтырғандар резервтегі жатақханаға орналастырылып жатыр

«Өңірдің күрделі климаттық жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеміз. Бұл салада 26 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Тұщы су тапшылығына қарамастан, ірі қара мал басы 4, жылқы 9,5, түйе 3, қой мен ешкі 2 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді де қаржылай қолдау үшін жыл сайын қаражат бөлінуде. Биыл осы мақсатқа 3,1 млрд теңге қарастырылды», - деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тұрақты жұмыстар жасалуда. Өңірде 1 млрд 100 млн теңгенің үстінде тауарлық-қаржылық тұрақтандыру қоры қалыптастырылды. Соның аясында 755 млн теңге мөлшерінде айналым қоры құрылып, өңірдегі «Идеал» ірі сауда желісімен келісім жасалды. Нәтижесінде аталған желінің 36 сауда нүктесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 14 түрі нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылуда. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау үшін кәсіпкерлер, тауар өндірушілер сондай-ақ ірі сауда орындары арасында 200-ден астам меморандум жасалған.

«Балық шаруашылығында да өсім бар. Өткен жылы осы уақытта 6,5 мың тонна балық ауланса, биыл 10 мың 150 тонна ауланды. Оның 90 пайызы өңделіп, өнімнің 80% экспортталды», - деді облыс басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT