Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 13 тоннадан астам өнім сатылды
Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының мәліметінше, сенбі, жексенбі күндері «Мұнайшы» стадионының алдындағы алаң мен «Сарайшық» коммуналдық базарында, «Береке» ықшамауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 62 шаруа қожалығы мен тауар өндірушілері қатысты.
«Қала тұрғындары мен қонақтарына нарықтық құнынан төмен бағамен ет, сүт, көкөніс өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеде 13 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Оның ішінде 4,1 тонна картоп, 2,2 тонна сәбіз, 3,1 тонна пияз, 1,1 тонна қырыққабат, 1,9 тонна ет, 500 келі қызанақ, 570 келі қияр мен 400 литр сүт өнімдері бар» -деп хабарлады Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын да Атырауда екі күнгі жәрмеңкеде 13 тонна өнім сатылған болатын.