+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырауда бетперде кимеген жолаушылар қоғамдық көлікке кіргізілмейді

2021 жылғы 16 сәуір 20:53
Бөлісіңіз:
Атырауда бетперде кимеген жолаушылар қоғамдық көлікке кіргізілмейді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бетперде кимеген жолаушылар қоғамдық көлікке кіргізілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жемқорлық туралы хабарлағандарға 2,6 млн теңге берілді Атырауға Hayat-Vax вакцинасының 7,5 мың дозасы жеткізілді Атырауда полициядан қашқан жүргізушіге  291 700 теңге айыппұл салынды

Атырау облысының бас мемлекеттік санитария дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулысына сәйкес, жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынып отыр.

Ертең, 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес, қаладағы қоғамдық көлік қозғалысына жұмыс күндері және сенбіде штаттық кестемен рұқсат беріліп отыр. Ал, жексенбіде қоғамдық көліктер қозғалысына тыйым салынған.

«Қарбалас кезде қоғамдық көлік желіде максималды шығуы керек, қоғамдық көліктің толтырылуы отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Көлік барлық есігін ашуы керек, жолаушыларға қолжетімді жерлерге антисептик құйылған санитайзер орнатылуы, бетперде кимеген жолаушыларды кіргізілмеуі тиіс», - делінген қаулыда.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда сабақты оффлайн өткізуге тыйым салынғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT