+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырауда бір ғимараттағы 4 қойма өртеніп кетті

2021 жылғы 21 сәуір 14:06
Бөлісіңіз:
Атырауда бір ғимараттағы 4 қойма өртеніп кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында бір ғимараттағы 4 қойма өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алапат өртпен арпалысқан құтқарушы: киіміміз жанып, каскамыз балқыса да дамыл таппадық Ақтөбеде жеке клиникадан өрт шығып, 200 адам сыртқа шығарылды Атырауда көпжылғы ағаштар тамырымен көшірілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, өрт 19 сәуірде сағат 20:36-да болған.

«Атырау қаласындағы Б.Майлин көшесі, №83 «А» мекенжайында орналасқан 4 азық-түлік қоймасындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 35 қызметкер пен 7 өрт сөндіру техникасы, «АТМА-Аэропорт» АҚ-ның 3 қызметкері мен

1 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 21:47-де оқшауланып, сағат 22:09-да толықтай жойылды.

Жалынның салдарынан «Мырзабаева» жеке кәсіпкерлігіне (бұрынғы сүт комбинаты) қарасты жалпы ауданы 414 шаршы метрді құрайтын 1 қабатты ғимараттағы 4 қойма толық жанып кетті. Қойма ауласында өртті сөндіруге қажетті су алатын гидранттар болмаған.

Сол себептен, өрт сөндіру автокөліктері су толтыру үшін «Алмагүл» шағын ауданында орналасқан өрт сөндіру гидранттарына баруға мәжбүр болды», дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау қаласында коттедж өртенгенін

хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT