Атырауда бір күнде Жайық жағалауынан 5 тонна қоқыс жиналды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір күнде Жайық өзенінің жағалауынан 5 тонна қоқысжиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жайық өзенінің жағалауынан қоқыс жинау «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында

өтті. Оған мұнай компаниясының 50-ге жуық қызметкері қатысты.

«Қоршаған ортаның, соның ішінде Жайық өзені жағалауының тазалығын сақтау – баршамыздың міндетіміз. Біз мұндай акцияны былтыр да ұйымдастырған едік. Сол кезде жағалаудан 10 тонна қатты қоқыс жинадық. Енді міне, биылғы шомылу маусымы аяқталған соң табиғатқа жанашырлық танытуды қайта жалғастырдық. Бұл акцияны жыл сайын өткіземіз» - дейді кәсіпорынның аймақтық менеджері Мұхит Мәженов.

«Таза жағалау» акциясы кезінде 5 тонна қатты қатты тұрмыстық қалдық жиналды.

Қоқыстар арнайы полигонға жіберілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында заңсыз 130 қоқыс үйіндісі ғарыштан

мониторингілеу барысында анықталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар