Атырауда биыл 25 адам суға кеткен

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 25 адам суға кеткен. Оның ішінде 3 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 25 адам су айдындарының құрбаны болған.

«Биылғы жыл басынан бері 25 адам суға кетті. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 бала бар. Ал, маусым айынан бері 14 адамның Жайық, Жем, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көліне батқаны анықталды. Құрбан болғандардың бәрі су айдындарының арнайы жабдықталмаған жерінде шомылып, қауіпсіздік шараларын сақтамауынан қайғылы жағдайға ұшырады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай 11 және 12 шілдеде Жайық өзеніне шомылған 25 жастағы жігіт пен 41 жастағы әйел батып кеткен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 25 жастағы жігіттің суға кеткенін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар