Атырауда браконьерлерден 2 тоннаға жуық балық тәркіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері браконьерлерден 1 тонна 712 келі балық тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жайық өзені мен Каспий теңізінде мұз қатқалы бері бірнеше рет рейдтік іс-шара өткізілген. Мақсат – балық қорына заңсыз қол сұғушыларды анықтау.
«Полиция қызметкерлері рейдтік шаралар кезінде браконьерлерден 1 тонна 712 келі қара балық тауып, тәркіледі. Заңсыз балық аулаушылардан 20 мотоцикл мен 2 автокөлік алынды. Қазір құқық бұзушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, «Chevrolet NIVA» қызметтік автокөлігі тоқтатылып, заңсыз ауланған 300 келі сазан тәркіленген. Көлік арнайы айып тұрағына қойылған.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балық қорғау заңнамасын бұзғандарға 20 млн теңгеден астам айыппұл салынғанын жазған болатынбыз.
- Атырауда экоұрықтандыру тәсілімен бала сүюге 232 квота берілді
- Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталды
- Әлеуметтік желіде митингіге шақыру: ҚР Бас прокуратурасы үндеу жариялады
- Мас күйінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет куәлігін көрсеткен адам анықталды - агенттік
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің атын жамылған алаяқтар ұсталды
-
Атырау облысында бір жылда полицияға 840 әйел арызданған
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам