Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда екі көлік соқтығысып, 19 жастағы жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше, 14 қазанда сағат 23:15-те болған.

«Атырау қаласында Әбілхайыр хан-Маденов көшелерінің қиылысында Kia Rio мен Mitsubishi Pajero маркалы автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылы туған жігіт қаза тапты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық полиция департаменті аталған жол-көлік оқиғасы байланысты қосымша ақпарат беруге уәде етті.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үш көліктің соқтығысқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар